Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
Antalya °C

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесті
REKLAM ALANI
28.05.2023
A+
A-

 

 

Жаңалықтар
Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесті
2023 жылғы

Мемлекет басшысы Абу Даби Әмірлігін билеуші әулеттің өкілі, шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянға ілтипат білдіре отырып, бүгінгі кездесу екі елдің ынтымақтастығын нығайту жолдарын талқылауға орайлы сәт екенін атап өтті.

– Биыл жыл басында Әмірліктерге жасаған сапарымды және ел басшылығымен өткізген кездесулерімді жылы сезіммен еске аламын. Қол жеткізілген уағдаластықтар екі ел халықтарының игілігі үшін қызмет етіп жатқанын ерекше атам өтемін. Араб Әмірліктері – біз үшін ислам әлеміндегі сенімді әрі басты стратегиялық серіктес. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап қолдау көрсетіп келе жатқан бауырлас ел. Мұны қазақ халқы ешқашан ұмытпайды. Әмірліктердің ел көркеюіне қосқан үлесін достық пен тығыз ынтымақтастықтың жарқын бейнесі деп қабылдаймыз. Мүмкіндікті пайдаланып, Араб Әмірліктерінің басшылығына алғысымды білдіремін және Президент шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянға ыстық ықыласқа толы сәлемімді жолдаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Өз кезегінде шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаян құрмет көрсеткені үшін Қасым-Жомартқа Тоқаевқа алғыс айтты және Қазақстан мен БАӘ қатынастары қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды.

– Сіздің қаңтар айында БАӘ-ге жасаған ресми сапарыңыз достас екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту тұрғысынан табысты болды. Еліңізбен арадағы қарым-қатынасымыздың тарихы тереңде. Бүгінде халықаралық және аймақтық жағдайларға қарамастан, көптеген салада ынтымақтастығымыз нығайып келеді. Бірлескен инвестициялық жобаларымызды жүзеге асыруға барынша қолайлы жағдай жасағаныңыз үшін Сізге және Қазақстан үкіметіне ризашалығымызды білдіреміз, – деді шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаян.

 

 

 

 

Кездесу барысында екі елдің сауда-экономика, инвестиция салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері қарастырылды. Президент Әмірліктер компанияларының мүмкіндіктері мен тәжірибесі мол екенін айта келіп, оларды ауыл шаруашылығы, энергетика, мұнай химиясы, тау-кен өндірісі, құрылыс, көлік және логистика, қаржы, туризм салаларындағы жобаларға белсенді қатысуға шақырды.

Кездесу соңында Президент екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқаны үшін шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

 

 

 

 

 

 

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://akorda.kz/kz/prezident-kasym-zhomart-tokaev-sheyh-surur-ben-muhammed-al-nahayanmen-kezdesti-2641049

 

 

REKLAM ALANI
YORUMLAR

Henüz yorum yapılmamış. İlk yorumu yukarıdaki form aracılığıyla siz yapabilirsiniz.