Жаңалықтар
Ақорда
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады
2024 жылғы
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Президент реформаларын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету аясында палатаның атқарған қызметі туралы баяндалды.
https://x.com/aqorda_press/status/1866860602796196027
Мәжіліс төрағасының айтуынша, сессия басталғаннан бері 31 заң қабылданып, Сенатқа жолданды, сондай-ақ 15 заңға Президент қол қойды. Олардың ішінде Бюджет кодексі, биржалық сауда мәселелері бойынша заңдар, есірткі қылмысы үшін жазаны қатаңдату, «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтаушы жүйесін енгізу, соттарды жаңғырту, әкімшілік заңнаманы жетілдіру және тағы басқалары бар.
https://x.com/aqorda_press/status/1866860602796196027
Қазір депутаттар 71 заң жобасын қарап жатыр. Салық, Су, Құрылыс, Цифрлық кодекстері мен тұтынушылар құқығын қорғау, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселесі, қаржы нарығын дамыту, әскери-патриоттық тәрбие, пошта секілді заң жобалары бойынша жұмыс жүргізілуде.
Президенттің Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасын орындау мақсатында депутаттар қыз алып қашқаны үшін берілетін жазаны қатаңдату жөнінде түзетулер дайындап жатыр.
Депутаттар бюджет шығындарына парламенттік бақылау жұмыстарын ұдайы жүргізіп келеді. Жуырда Жоғары аудиторлық палата төрағасының ауыл шаруашылығын мемлекеттік субсидиялаудың тиімділігі туралы есебі тыңдалды.
Спикердің айтуынша, Мәжіліс заң шығару жұмысының ашықтығына, оған қоғам мен сарапшылар қауымдастығын тартуға ерекше мән береді. Қоғамдық палатаның отырыстары тұрақты түрде өткізіледі.
Барлық партиялық фракция депутаттары мен бір мандаттық округтерден сайланған халық қалаулылары сайлаушыларымен жиі кездесулер өткізіп, азаматтарды қабылдап, өңірлерге сапарлайды.
https://x.com/aqorda_press/status/1866860602796196027
Мәжіліс төрағасы парламенттік дипломатия бағытындағы жұмыстың қорытындылары жөнінде мәлімет берді.
Ерлан Қошанов «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» және «Жер аманаты», сондай-ақ Мемлекет басшысының халықтың қаржылық сауатын арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша атқарылып жатқан «Қарызсыз қоғам» жобалары туралы айтты.
Кері қайту Кері қайту
kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-mazhilis-toragasy-erlan-koshanovty-kabyldady-11114030
https://x.com/aqorda_press/status/1866860602796196027
Perm’de, Birleşik Rusya’nın “Kendi İşiniz” programına katılanlar, proje uygulamasının pratik yönlerini ele aldılar
Birleşik Rusya Genç Muhafızları, Amur Bölgesi’ndeki Kustanevka köyünden çocuklar için bir fotoğraf çekimi düzenledi
Meeting of the Ambassador with the Minister of Trade of Turkiye
От обновления школьных столовых и благоустройства дворов до передачи экипировки: «Единая Россия» помогла жителям регионов
Birleşik Rusya, okul kantinlerinin yenilenmesinden avluların peyzaj düzenlemesine ve ekipman bağışına kadar bölge sakinlerine yardım etti
При содействии «Единой России» в Красногвардейском районе Оренбургской области открыли ФАП