Мемлекет басшысы Грузияның Премьер-министрі Ираклий Гарибашвилимен кездесті
🇰🇿🇬🇪 Мемлекет басшысы Грузияның Премьер-министрі Ираклий Гарибашвилимен кездестіhttps://t.co/Z7Br4Yddui pic.twitter.com/CiDIzh3K9c
— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) June 21, 2022
Жаңалықтар
Халықаралық қоғамдастық
Мемлекет басшысы Грузияның Премьер-министрі Ираклий Гарибашвилимен кездесті
2022 жылғы
Қатар Мемлекеті, Доха қаласы
Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар экономикалық форумы аясында Грузияның Премьер-министрі Ираклий Гарибашвилимен кездесу өткізді.
Кездесуде екіжақты ықпалдастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
– Сіздің назарыңызды мынадай бағыттардағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларына аударғым келеді. Атап айтқанда, өзара сауда көлемін ұлғайту. Менің ойымша, біз өнімдерді өзара жеткізуді арттыра аламыз. Қазақстанға және Орталық Азияның басқа да елдеріне тауар жеткізу жағынан Грузияның үлкен қоры бар. Осы бағытта тығыз жұмыс істеуге дайынбыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы көлік-логистика саласында, атап айтқанда Қазақстанның Ақтау және Құрық айлақтарының, сондай-ақ Батуми теңіз айлағының әлеуетін пайдалана отырып, екі ел арасындағы жүк тасымалын бірлесіп жүзеге асырудың маңызды екенін атап өтті.
Өз кезегінде Ираклий Гарибашвили Дохада кездесуге уақыт бөлгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіріп, Грузияның Қазақстанмен арадағы көпжақты әрі өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға әзір екенін растады. Грузияның Премьер-министрі келесі айдың аяғында Қазақстанға келуді жоспарлап отыр.
Кері қайту Кері қайту
kaynak:https://akorda.kz/kz/memleket-basshysy-gruziyanyn-premer-ministri-irakliy-garibashvilimen-kezdesti-2153231
🇰🇿🇬🇪 Глава государства провел встречу с Премьер-министром Грузии Ираклием Гарибашвилиhttps://t.co/rNelIkUSYG pic.twitter.com/XZ0HAq2Xfl